COVID-19: Тағы бір науқас қайтыс болды, 22 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды. 

ҚР ДСМ хабарлауынша, марқұм 1955 жылы дүниеге келген.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді: Түркістан облысында 3, Шымкент қаласында - 6, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, Ақтөбе облысында - 1,
Жамбыл облысында - 3.

Қазақстандағы 11 мамыр 17.40-тегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Қазақстан бойынша барлығы - 5160.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы