COVID-19. 18 854 адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 наурыздағы ақпаратты жариялады.

7 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 854 адам коронавирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 223 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы