COVID-19. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Оған қоса 10 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 615, 361 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 517-ге жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 180 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 851 науқас жатыр. 1 329 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан балығы қандай елдерге экспортталады?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы