COVID-19: 142 елде дельта штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясының таралу қаупі артып келеді. Ковидпен ауру 4%-ға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада дельта штамы анықталған елдердің саны қазірдің өзінде 142-ге жетті.

Сонымен қатар коронавирустың төрт штамының ішінде альфаның таралу аумағы кеңейген. Қазір ол 185 елде бар.

Сарапшылар жағдайдың күрделенуін вакцинация деңгейінің төмендігімен байланыстырады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы