COVID-19. 100-ден астам науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 сәуірдегі мәлімет бойынша, 34 478 адам коронавирус инфекциясынан (33 908 КВИ+ және 570 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 349 пациент стационарда, 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 569 адамның жағдайы ауыр;

• 170 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 10 сәуірдегі мәлімет бойынша 37 жаңа жағдай тіркелді, 125 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 51 399, өлім жағдайлары - 727, барлығы 50 102 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы