COVID-19: 1 млн-ға жуық алматылық екпе алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, мегаполистің 981 759 тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған.
Ал екпенің ІІ компонентін 906 264 адам салдырды. Бүгінгі таңда қалада 137 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. 237 егу бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Қалада вакцина қалдығының 1 компоненті 185 153 доза, 2 компоненті 243 673 дозасын құрайды, - деп атап өтті оңтүстік астананың бас мемлекеттік санитар-дәрігері.
Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметіне түскен шақырулар саны – 2842-ге тең.
Оның ішінде 1-3-санаттағы шақырулар – 2347, 4-санаттағы шақырулар – 495. Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 668 науқас бақылауда. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 566, симптомсыз 102 науқас бар, - деді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы эпидахуалдың қандай екендігіне тоқталған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Еңбек жолы-2021» байқауының қорытындысы шығарылды
Өзгелердің жаңалығы