COP31: Қазақстан халықаралық климаттық бағдарламаға қатысады
Бағдарлама СОР31 конференциясында таныстырылды.
Қазақстан Nature-based Solutions Innovation Accelerator (NBS-IA) халықаралық бастамасына қатысуға іріктелді. Бұл туралы 17 қарашада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі COP31 конференциясы аясында жарияланды.
Бағдарламаны Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (UNEP) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (OECD) бірлесіп ұйымдастырған халықаралық іс-шарада таныстырды.
NBS-IA бастамасы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерге инфрақұрылымның төзімділігін арттыру үшін табиғи экожүйелердің әлеуетін пайдаланатын инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған.
Қазақстанның бағдарламаға қатысуы табиғатқа негізделген шешімдерді енгізуге, халықаралық сараптама мен техникалық қолдауға, сондай-ақ климаттық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.