Цифрлық теңгені енгізудің артықшылығы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

Сыбайлас жемқорлықтың негізгі драйверлерінің бірі – «көлеңкелі экономика». Осы бағытта мемлекет жүзеге асырып жатқан шаралар жақсы нәтиже беруде. Мысалы, ақша қаражатын шешуге шектеу енгізу, сондай-ақ цифрлық төлемдерді ауқымды ілгерілету қолма-қол ақшаны екі есе – 2,7 трлн теңгеден 1,3 трлн теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді, - деді ол.

Төрағаның сөзінше, көлеңкелі схемаларға қарсы нақты шаралар қолданбай, сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұру мүмкін емес.

Біз Қаржылық мониторинг агенттігі және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, көлеңкелі айналымның ең көп үлесі – ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, көлік сияқты экономика салалары бойынша мақсатты жұмысты бастауға ниеттіміз, - деп айтты Шпекбаев алқа отырысында.

Ол, тәжірибе көрсеткендей, сатып алу саласы көлеңкелі экономиканы жандандыратын және жемқорлық тудыратын салалардың бірі екенін атады.

Сондықтан Ұлттық палатамен бірлескен жұмыстың тағы бір бағыты - бюджетті қалыптастыру кезінде де, оны игеру кезінде де баға комплаенсін енгізу, - деп түсіндірді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, көбіне бюджетке салынатын бағалар жемқорлық мүдделері үшін әдейі қымбаттатылады. 

Осыған орай біз нақты бағалар мен іске асырылған шарттар негізінде қандай да бір сатып алудың бюджетін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бюджетін «ұлғайтуға» мүмкіндік бермейді. Осылайша, үлестес компаниялардың баға ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау артта қалады. Орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою проблемасын шешу үшін оларды жариялау, сондай-ақ тапсырыс берушілердің оны мысалы 3 күннен аспайтын мерзімде қарауын енгізу ұсынылады. Бұл бір ғана мақсатты көздейтін актілерге қол қоюды әдейі кейінге қалдыру мүмкіндігін қысқартады, - деп айтты Шпекбаев.

Антикор басшысының сөзінше, цифрлық теңгені тез арада енгізу – сатып алудағы жемқорлық проблемасының іргелі шешімі, бұл бюджет қаражатын игерудің бүкіл процесін қадағалауға мүмкіндік береді, «қолма-қол ақша» схемаларын және жалған кәсіпорындар құруды тоқтатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы