Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды.  

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы «Нархоз» университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған. 2010-2011 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері. 

2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м. а. 

2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы. 

2014 жылы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры. 

2014-2017 жылдары — «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді.  

2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы