Цифрлы таңбасы жоқ темекі сатқандар 1,5 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлы таңбасыз темекі өнімдерін сатқан кәсіпкерлер 200-500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің директоры Қазақпаева Бақытгүл Жұмабайқызы хабарлады.

Қазақстанда темекі өнімдерін цифрлы таңбалау жүйесі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде фильтрлі және фильтрсіз темекі өнімдері таңбаланады. Бұл кезең Қазақстан 2020 жылдың 1 қазанында басталды. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап электронды темекіге арналған сұйықтық, сигарилла және стик сынды басқа да темекі түрлері цифрлы таңбалау жүзеге асырылады. 

Темекі өнімдерін таңбалау заңсыз тауар айналымынаа кедергі қояды, бұл тұтынушы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, кәсіпкерлер үшін мықты бәсеке болмақ. Салық жинау барысында мемлекеттік бюджетке құйылатын қаржы өседі. Тауар нарығын қадағалау жұмысын ұйымдастыру саласында мемлекеттік шығындар азаяды, - дейді Бақытгүл Жұмабайқызы.

Ол осы ретте темекі өнімдерін таңбалаудың артықшылықтарын атап өтті.

Енді акциздік қағаз таңбаның орнына DataMatrix цифрлық маркасы қолданылатын болады. Департамент директорының айтуынша, темекі өнімдерін импорттаушы компаниялар әр темекіге DataMatrix цифрлық таңбасын тіркейді. Бұл кодта шығарушы компания жайлы ақпарат, сериялық нөмірі және тексеру коды жазылады. Сатушы-кассир өнімді сканерден өткізген бойда өнімнің сатылғаны туралы ақпарат қазынашылық мәліметтер операторына («Қазақтелеком»), одан кейін Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесіне дәл сол темекі өнімінің сатылғаны туралы ақпарат тіркеледі,- дейді департамент директоры.

Осылайша тауарды айналымнан автоматты түрде алып тастайды.

Таңбасыз өнімдерді сатуға 2021 жылдың 1 қазанына дейін рұқсат берілген. Дәл осы күннен бастап цифрлық таңбасыз өнімдерді сатуға шығарған кәсіпкерлер жауапқа тартылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодекс бойынша 200-500 АЕК (583 400 теңгеден 1 458 500 теңгеге дейін) айыппұл төлейтін болады. 

Тұтынушы темекі өнімінен зардап шеккен жағдайда Қылмыстық Кодекстің 283-бабы бойынша кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Бақытгүл Жұмабайқызы.

Раушан Арманқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы