Цифрландыру аясында тауарға арналған бірнеше құжат саны қысқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құжаттарды цифрлау шеңберінде салық заңнамасын орындау үшін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар енгізілуде.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтып берді.
Оның айтуынша, енді бір ғана құжат бірнеше құжатты ауыстыратын болады. Олардың қатарында акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамада айқындалған тауарды шетке беруге арналған жүкқұжат, тауар-көлік жүкқұжаты, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде ресімделетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328 СЕН).
Тауарға ілеспе жүкқұжат толығымен электрондық түрде рәсімделетін болғандықтан, қағаз құжат айналымы болмайды. Тиісінше, қағаз, принтерлер, жеткізуге пошта шығындары және қағаз құжаттарын сақтау үшін мұрағаттарды ұстау шығындары азаяды. Сонымен қатар құжаттаманы алу жеделдетіледі, себебі жеткізуші ресімдегеннен кейін тауарларға іліспе жұкқұжаты бірден сатып алушыға түседі, - деп түсіндірді спикер.
Оның айтуынша бұл құжат Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүк айналымы жеделдетіледі.
Көлік құралдары шекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өтетін болады, себебі құжаттардың қағаз көшірмелерін сканерлеу қажеттілігіне байланысты болмайды.