ЧЛ: Реал Мадрид Челсиге ешқандай мүмкіндік бермеді

Лондонда Чемпиондар лигасының ширек финалының екінші ойнында «Челси» өз алаңында «Реал Мадридпен» кездесті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жартылай финал үшін болған текетіресте матч қонақтардың пайдасына шешілді. Есеп - 2:0.

Матчтағы екі голдың авторы «Реал» шабуылшысы Родриго атанды. Ол 58-минутта командасын алға шығарса, 80-ші минутта дубль жасады.

Осылайша, «Челси» 1/4 финалдың екі кездесуінде бірде-бір гол соққан жоқ. Испанияда өткен алғашқы ойында да «Реал» 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Реал» жартылай финалда «Манчестер Сити» - «Бавария» кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. Бірінші кездесуде британдықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы