11 Қазан 2025 2025, 18:48
Фото: pixabay.com
Чилидің оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен соң цунами қаупі жарияланды
Чилидің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық қызметі (SENAPRED) Дрейк бұғазы маңында болған күшті жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстігінде цунами қаупінің қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ жауапты ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай туралы ескерту Магальянес аймағына қарасты Кабо-де-Орнос коммунасында енгізілді. Хабарламада сейсмикалық жағдай тұрақталғанға және жаңа толқындар қаупі сейілгенге дейін дабыл режимі сақталатыны айтылған.
Бұдан бөлек, Чили Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық және океанографиялық қызметі елдің Антарктидадағы базаларына арнайы ескерту жариялады. Ондағы қызметкерлерге жағалауға жақындамауға және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға кеңес берілді.