Чилиде шеру соңы қақтығысқа ұласты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чили астанасы Сантьягода жүздеген адам үкіметке наразылық білдіріп, көшеге шықты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  

Шеру соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. 

Ашуға булыққан жұрт полицейлерге тас пен бөтелке лақтырып, көліктерге зақым келтіруге тырысты. Өз кезегінде күштік құрылым өкілдері наразы топты тарату үшін су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды. 

Әзірге тәртіпсіздік кезінде қанша адамның зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы