Чилиде орман өртінен 19 адам қаза тапты

Чилидің оңтүстігінде болған ауқымды орман өрттері салдарынан кемінде 19 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Альваро Элисальде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Ресми дерекке сәйкес, 630 адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Өрт салдарынан 325 тұрғын үй қирап, 1500-ден астам адам зардап шекті. Бірнеше елді мекенде эвакуация жарияланған.

Чили Ұлттық орман корпорациясының хабарлауынша, өрт сөндірушілер 31 ошақты ауыздықтауға тырысуда. Жалпы өрт шарпыған аумақ 32,6 мың гектардан асты.

Тілсіз жау 17 қаңтарда құрғақ әрі аптап ыстық ауа райы жағдайында тұтанған. Ең күрделі жағдай Био-Био және Ньюбле аймақтарында тіркеліп, онда төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: REUTERS/Juan Gonzalez
Өзгелердің жаңалығы