12 Мамыр 2019, 14:05
Чилиде автобус аударылып, 6 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде жолаушылар толы автобус апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 52 жолаушы жарақат алды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде жолаушылар толы автобус апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты, сондай-ақ тағы 52 жолаушы жарақат алды. Бұл туралы Хабар 24 жазды.
Оқиға елдің Араукания аймағында орын алды. Автобус жүргізушісі тасжолда жүк көлігімен соқтығысып қалмайын деп шұғыл әрекет еткен. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жолдың шетіне шығып, аударылып қалған.
Жапа шеккендер тез арада ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандардың кейбірінің халі мүшкіл. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
- Ботаникалық бақта дәрет сындырмақ болған шетелдік 15 тәулікке қамалды 05:18
- Физикадан тарихи триумф: Әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленген оқушылар Қазақстанға оралды 05:06
- Брюссельде салынып жатқан ғимарат өртеніп, бірнеше адам қаза тапты 04:27
- Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды 03:11
- Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты 02:02
- Мюнхенде құрғақшылыққа байланысты ауыз суды пайдалануға шектеу енгізілді 01:29
- Трамп Ормуз бұғазы арқылы жүк тасымалына 20% баж салығын енгізуден бас тартты 00:30