Чилиде нөсер жауын салдарынан 9 адам көз жұмды

Фото: EPA/UOG

Астана, BAQ.KZ. Чилиде нөсер жауын салдарынан 9 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды. 

Чилидің солтүстігінде нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді.

Өзен арнасынан шыққан ағынды су 800 астам үй-жайды зақымдады. Сонымен қатар, 75-ке жуық ғимарат нөсер жауынның салдарынан қирап қалды. 

Сондай-ақ, табиғаттың дүлей күші 20 тас жолдағы қозғалыстың шектелуіне алып келді. 

Чили президенті Себастьян Пиньера Лоа провинциясының аумағын апатты аумақ ретінде жариялады. Табиғат апатының орын алуына байланысты мемлекет басшысы өзінің еңбек демалысын бұзып, зардап шеккен аудандарға барды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы