Чили вакцинацияланған туристер үшін шекараны ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чили билігі 1 қазаннан бастап вакцинацияланған туристерге шекараны ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Елге келгеннен кейін саяхатшылар міндетті түрде бес күндік карантиннен өтіп, екі апта ішінде олардың орналасқан жері мен денсаулық жағдайы туралы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, Чилиге кіру үшін шетелдіктер арнайы электронды портал арқылы алдын ала екпе сертификатының келісімін алуы тиіс. Тексеру процесі бір айға дейін созылуы мүмкін.
Чилиде шетелдік туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. Олар сонымен қатар ПТР сынағы және міндетті карантин сияқты денсаулық қауіпсіздігінің барлық талаптарына бағынады. Осыған байланысты біз бүкіл әлемнен саяхатшылардың үлкен ағынын күтеміз, – деп мәлімдеді көлік және коммуникация министрі Глория Утт.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы