Чили президенті экологияға арналған саммитті өткізуден бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чили президенті Себастьян Пиньера ел аумағында өтуі тиіс болған Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті мен климат жөніндегі COP25 форумын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.
Оған елдегі жаппай тәртіпсіздік себеп болып отыр. Мемлекет басшысы аталған шараларды өткізудің маңызын айтып, олардан бас тарту қиынға соққанын жеткізді.Айта кетейік, АТЭЫ саммиті Чилиде қарашаның 13-14 күндері өтуі тиіс болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы