Черногория билігі екпе алмаған шетелдік азаматтарды кіргізбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Черногория билігі 2 қаңтардан бастап вакцинацияланбаған және коронавируспен ауырмаған шетелдік азаматтардың елге кіруіне тыйым салады.

Бұл ретте вакцинаның екінші дозасын алған сәттен бастап алты айдан аспауы тиіс. Сондай-ақ, Черногорияға коронавирустан сауыққаннан кейін 10 күнге берілетін анықтамамен және ПТР тестінің оң нәтижесінен бастап 180 күннен аспайтын мерзімге берілген анықтамамен кіруге болады. 

«Спутник Лайт»  вакцинасын Тунистің Денсаулық сақтау министрлігі covid-19-дан әмбебап күшейткіш ретінде тіркеді, деп хабарлайды РТИҚ. 

Препарат күшейткіш ретінде «омикрон»  штамына қарсы антиденелердің вирустық бейтараптандырғыш белсенділігін едәуір арттыратыны атап өтілді. 

Әлем бойынша анықталған жағдайлардың тәуліктік өсімі рекордтық деңгейде қалып отыр, 1,7 миллионнан астам жағдай. Сонымен қатар күнделікті антирекордтар Франция, Ұлыбритания, Италия, Аргентина, Греция және Португалияда тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы