Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 жылғы маусымының жеребе тарту рәсімі өтті.
Еуропаның 32 командасы алдымен топтық кезеңде бақ сынайды. Сосын олимпиадалық жүйе бойынша плей-офф бәсекелерінде бақ сынасады.Алғашқы турдың ойындары 17/18 қыркүйекте өтеді.
A тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Реал» (Испания), «Брюгге» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия);
B тобы: «Бавария» (Германия), «Тоттенхэм» (Англия), «Олимпиакос» (Греция), «Црвена Звезда» (Сербия);
С тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Шахтёр» (Украина), «Динамо» Загреб (Хорватия), «Аталанта» (Италия);
D тобы: «Ювентус» (Италия), «Атлетико» (Испания), «Байер» (Германия), «Локомотив» (Ресей);
E тобы: «Ливерпуль» (Англия), «Наполи» (Италия), «Зальцбург» (Австрия), «Генк» (Бельгия);
F тобы: «Барселона» (Испания), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Интер» (Италия), «Славия» (Чехия);
G тобы: «Зенит» (Ресей), «Бенфика» (Португалия), «Лион» (Франция), «РБ Лейпциг» (Германия);
H тобы: «Челси» (Англия), «Аякс» (Нидерланды), «Валенсия» (Испания), «Лилль» (Франция).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ "Құқықтық тәртіп" шарасын өткізді
Өзгелердің жаңалығы