Чемпиондар лигасы: алматылық "Қайрат" бүгін словакиялық "Слованды" қабылдайды

Алматылық "Қайрат" бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сатыда қазақстандық клуб Словакияның "Слован" командасын өз алаңында қабылдайды.

Алғашқы ойын бүгін, 6 тамызда Алматыда қазақстандық уақытпен 20:00-де басталады.

Ойын төрешілері Нидерланд елінің өкілі Сердара Гэзюбююк бастаған бригадасы болады.

Қарымта ойын 12 тамызда Словакия астанасы Братислава қаласында болады.

Словакиялық клубтың бас бапкері Владимир Вайсс 2013-2015 жылдарда "Қайраттың" тізгінін ұстаған.

Айта кетейік, алматылық футбол клубы бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның "Олимпия" (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) жеңді. Ал словакиялық клуб екінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговинаның "Зриньски" командасын (4:0, 2:2) жеңді.

Егер "Қайрат" екі ойын нәтижесі бойынща словакиялық клубты ұтқан жағдайда UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтик" командасымен кездеседі. Ал егер ұтылса UEFA Еуропа лигасында топтық кезеңге өту үшін швейцариялық Янг Бойзпен бәсекеге түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: “Қайрат” ФК
Өзгелердің жаңалығы