Чемпион Ақмарал Науатбекті марапаттау рәсімінің видеосы жарияланды

Паралимпиаданың чемпионы Ақмарал Науатбектің марапаттау рәсімінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды.

Кеше чемпионды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Елімізге екінші алтын әкелген спортшыны Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та құттықтады. Өз сөзінде Әшімбаев 2 алтын Паралимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш екенін алға тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы