Челябинскіде Абай шығармасын оқу эстафетасына арнайы орын жасақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасына өзге елдердің белгілі тұлғаларымен қатар қарапайым тұрғындары да қосылып жатыр, деп хабарлады 24.kz.

Ресейдің Челябі қаласындағы Достық үйінде ол үшін арнайы бөлме жабдықталған. Жеке бұрышта ұлы ақын шығармаларының орыс тіліндегі жинағы, ой-толғамдары жазылған материалдар тұр. Кез келген адам сол жерге барып, бейнежазба жасай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ресейліктердің арасында Абай шығармашылығына деген қызығушылық жоғары. Эстафетаның Оңтүстік Орал өңірінде кең сипат алуы осы сөзімізге дәлел дейді олар.

«Біздің өңірде 150-ден астам ұлт өкілдері мекен етеді. Осы Достық үйінде жиі бас қосамыз. Абай шығармаларын бірге оқимыз. Шынымен ақынның ой тереңдігі, таным кеңдігі таңқалдырады. Оның әдеби мұрасы бүкіл адамзаттың рухани қазынасы деп білемін»,- дейді Челябі облыстық достық үйінің директоры Юлия Лапидус.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы