Челах пен Төлешовтің ісін қараған судья қызметінен босатылды
Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды. Ол «Арқанкерген» ісіндегі Владислав Челах пен шымкенттік «сыра королі» Тоқтар Төлешовке үкім кескен судья Ербол Ахметжанов, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысын қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Барлық бос лауазымдарға ұсыныстар баламалы негізде енгізіледі, бұл іріктеу рәсімдерінің бәсекелестігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
Талқылау нәтижесінде Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсыныстарын қолдап, кәсіби тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ең білікті әрі тәжірибелі судьяларды ұсынды. Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Жоғары Сот Кеңесі өз қызметін заңдылық, ашықтық және айқындық қағидаттарына негіздей отырып жүзеге асырады. Бұл кадрлық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, елдің кәсіби, тәуелсіз және тұрақты судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді, - делінген сот хабарламасында.
- Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілді 07:10
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25