Чехия президенті елді бір жылға "жабуды" ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Милош Земан егер мұндай шара қолданбаса, елді тағы коронавирус жайлауы мүмкін, деген пікірде.
Бұл туралы korrespondent.net жазды.
Коронавирустың таралуы салдарынан жабылған мемлекеттік шекара бір жыл бойына жабық тұруы тиіс. Себебі, шетелдік саяхаттар эпидемияның жаңа толқынын алып келуі мүмкін, - деді Чехия президенті Милош Земан прагалық "Частота-1" радиостанциясына берген сұхбатында.
Президент ел азаматтары шет мемлекеттерге емес, ел ішіне саяхат жасап, уақыт өткізуге болатынын айтты.
Елде 12 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілген, ал 16 наурыздан бері жалпыұлттық карантин жарияланды. Шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынған.
Қазіргі уақытта Чехияда 6 701 адамнан вирус анықталып отыр. Оның 1 298-і жазылып шықса, 186 адам қаза тапқан.
Бұған дейін Чехияның ішкі істер министрі Ян Гамачек залдағы бейне конференция кезінде маскасын алып тастағаны үшін айыппұл төлеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Науқастар саны 1775-ке жетті
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы