Чехия депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Тоқаевты құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Чехия-Қазақстан" парламентаралық достық тобының тең төрағасы Войтех Филип Қазақстан президентіне жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстан Республикасының президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз қазақстандықтардың сіздің әр түрлі мемлекеттік лауазымдардағы қызметіңізге жоғары баға беріп, жоғары саяси беделге ие болғаныңыздың және Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталған бағытын кеңінен қолдауының куәсі.

Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен қазақстандықтардың әл-ауқаты туралы шынайы қамқорлығыңыз жаңа жасампаз күш-жігермен аса маңызды сыртқы саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехия арасындағы саяси байланыстардың жоғары деңгейін атап өткім келеді. Біздің елдер арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамыту екіжақты ынтымақтасты одан әрі нығайтады деп сенемін.

Сізге елдің және Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін», - деді Чехия Парламенті депутаттары палатасы төрағасының орынбасары, "Чехия-Қазақстан" парламентаралық достық тобының тең төрағасы Войтех Филип.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы