Марат Тәжин Чех Республикасының президентіне сенім грамоталарын табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Чех Республикасындағы елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады.
Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті.
Чех Республикасы президентінің айтуынша, Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия және ТМД елдерінің ішіндегі басымдыққа ие елдердің бірі болып табылады.
Өз кезегінде Қазақстан елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларында, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Британия ЕуроОдақтан шықты
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы