Чехияда эпидемияға қарсы талаптар өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында 9 сәуірден бастап республика билігі шетелден келген адамдарға эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайтыны туралы мәлімдеді, деп жазды «Хабар 24».
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, сенбі, 9 сәуірден бастап республикаға келушілер үшін қолданылатын барлық эпидемияға қарсы талаптарды алып тастайды, – делінген құжатта.
Ведомствоның мәліметінше, арнайы формулярды толтыру және шекара органдарына теріс ПТР сынағы, ковидпен ауырғандығы және коронавирусқа қарсы вакцинация туралы анықтама беру қажеттілігі алып тасталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы