13 Қараша 2021 2021, 15:20
Чехияда екпе алмағандарға қатаң шара қолданылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияда эпидемиологиялық жағдай қайта қиындады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияда эпидемиологиялық жағдай қайта қиындады.
Коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге жақындаған.11 миллионға жуық халқы бар Чехияда бүгінге дейін 6 миллионнан астам адам толықтай вакцина алған.
Бұл - Еуропа елдерінің орташа көрсеткішінен төмен. Осыған байланысты ел Премьер-министрі тұрғындарды тезірек екпе салдыруға шақырып жатыр. Тіпті ел Үкіметі қатаң шара қолдануға әзір.