30 Тамыз 2026, 20:19 Фото: istockphoto.com

Чехияда аса жеңіл ұшақ апатқа ұшырады: Ұшқыш қаза тапты

Ұшақ құлағаннан кейін өртеніп кеткен.

Чехияның солтүстігіндегі Семили ауданындағы Вшень елді мекенінің әуежайында аса жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Idnes порталының хабарлауынша, полиция мәліметі бойынша, ұшақ 29 тамыз күні кешке әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 10 секундтан соң құлаған.

Ұшақ бортында тек ұшқыш болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Апаттың себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп, әуе апатының мән-жайын анықтауда.