Чехия Президентіне сенім грамоталары тапсырылды

Қазақстан елшісі Чехия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын табыс етті.

Әңгімелесу барысында қазақстан-чех қатынастарын жан-жақты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. 

Елші Бақыт Дүйсенбаев сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық өзгерістердің өзекті жай-күйімен таныстырды. 

Сондай-ақ Орталық Азия-Еуропалық Одақ форматы шеңберінде және басқа да көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды күшейту жолдары талқыланды. 

Қазақстан дипломаты Қазақстанның сыртқы саясатының халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына бейілділігін атап өтті. 

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, тараптар экономикалық және көліктік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы туралы келісті.

Әңгіме соңында Чехия Президенті елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, қазақстан-чех қатынастарын одан әрі нығайту ісіне сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы