Әпкесінің құжаты арқылы несие алған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе тұрғыны өзінің әпкесінің құжаттарын пайдалана отырып, микроқаржы ұйымында несие рәсімдеген.
Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдарына микроқаржы ұйымы филиалының өкілі хабарласып, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің әпкесінің құжаттары арқылы алаяқтық жолымен 30 мың теңгеге несие рәсімдегенін айтты, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
Аталған дерек бойынша 33 жастағы әйел анықталып, ұсталды. ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы