CAWS 2025: өрлеу кезеңі, көсбасшылар кезеңі
2025 жылғы 16 қазанда Ritz-Carlton Алматы қонақүйінде Орталық Азияның қойма жылжымайтын мүлік сегментіндегі маңызды және ауқымды іс-шара Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді. Іс-шара бағдарламасы толықтай дайын. Сіздерге 10 елден келген 30-дан астам спикердің бірегей құрамын таныстыруға дайынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталық Азия қарқынды даму кезеңінде: жас әрі белсенді халық жылдам дамып келе жатқан экономика мен цифрлық трансформация тұтынудың жаңа стилін қалыптастыруда. Бұл өз кезегінде сапалы қоймалық жылжымайтын мүлік сегментінің қарқынды өсуіне әкеледі. Дәстүрлі нарықтар мен сақтау орындары заманауи логистикалық кешендермен алмастырылады, бұл - технологияларға, инвестицияларға, саудаға және e-commerce жол ашатын негізгі инфрақұрылым.
Сіздерді: жаңартылған аналитика, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ Орталық Азия, ТМД және алыс шетелдерден 350-ден астам кәсіпқойлар мен нарық сарапшыларымен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі күтеді.
Іс-шарада WILDBERRIES, Yandex, Sport Master, Magnum Cash & Carry, Uzum, Hamburg Hafen and Logistic International, Romer capital, Еуразиялық Даму Банкі, Қырғыз Республикасының Электрондық коммерция қауымдастығының өкілі және басқа да көптеген топ-менеджерлер сөз сөйлейді.
Іс-шараның бас демеушілері:
First, қойма және өндіріс орындарына шешім өндіруші компания. Логистикалық жобалау, стеллаждық құрылымды өндіру және монтаждау.
«АЛЮТЕХ» КТ - халықаралық инжинирингтік және өндірістік-өткізу холдингі, заманауи сәулет пен құрылыс саласына арналған шешімдердің жетекші жеткізушісі.
Сессия демеушілері: Astron (металл конструкцияларынан ғимараттарды жобалаудағы көшбасшы), SPARK (Қазақстанның жетекші логистикалық компаниясы), Griffin Partners (А санатындағы қоймалық жылжымайтын мүлікті дамытуға маманданған халықаралық девелопер), Стандарт жобалау бюросы (индустриялық жылжымайтын мүлікті жобалаудағы тәжірбиелі сарапшылар) және Alkanov Group (Қырғыз Республикасының ірі девелопердің бірі), А-Болат Азия (Қазақстандағы мультитемпературалық және жоғары санатты қойма кешендерін дамытатын девелопер), Еуразиялық логистикалық парк (Алматының шығыс бөлігіндегі алғашқы ірі А санатындағы қойма кешені).
INFOLine - саммиттің бас аналитикалық серіктесі.
Саммит Қырғыз Республикасының Электрондық Коммерция Қауымдастығының қолдауымен өтуде.
Іс-шараның өзекті бағдарламасы әрдайым https://caws.asia/ сайтында қолжетімді
Орталық Азия, Ресей және ТМД елдеріндегі ірі ритейл-желілерінің 200-ден астам өкілін, сондай-ақ жетекші жергілікті және шетелдік өндірушілерді арнайы шақырдық.
Іс-шараның ұйымдастырушысы IBC Global - қойма жылжымайтын мүлік саласындағы толық циклді кәсіби кеңесшілер арасындағы көшбасшы. Компания Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс нарығында табысты жұмыс істейді.