Cауықтыру жаттығулары елордалық Триатлон саябағында апта сайын өткізіледі

Астанада апта сайын бейімделгіш дене шынықтыру бойынша сауықтыру жаттығулары және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арбамен баскетбол жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаттығулар 30 мамырдан 1 қыркүйекке дейін «Арқар» көпірінің астындағы Триатлон саябағында тегін өткізіледі.

Жаттығу апта сайын, жұма күндері, сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін кәсіби жаттықтырушының сүйемелдеуімен өтеді. Жас шектеуі жоқ, - делінген әкімдіктің ақпаратында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы