17 Наурыз 2024 2024, 19:39
Фото: видеодан кадр
Cаусағындағы сақинасын шеше алмаған оқушыға құтқарушылар көмектесті
Жасөспірімге құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жасөспірімге құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Қызылорда қаласындағы “Дарын” оқу орталығында болған.
"Жедел құтқару жасағына оқушының саусағындағы сақинасын шешу қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар арнайы слесарлық құралдармен саусақтағы сақинаны шешті", – деп жазылған ТЖД мәліметінде.
Аталмыш оқу орталығының мұғалімі Жәуке Абзал құтқарушыларға алғыс білдірді.