"Caspian Group" пен Harry Dobbs Design компаниялары Алатау қаласының дамуына атсалыспақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Harry Dobbs Design Ltd және «Caspian Group» АҚ компанияларының өкілдерімен кездесу өткізгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс басшысының мәліметінше, кездесу барысында Алатау қаласын дамытуға бағытталған тұжырымдамалық шешімдер таныстырылып, жаңа қаланың сәулеттік және инфрақұрылымдық жоспарлау бағыттары талқыланды.

Ашық диалог форматында өзара ұсыныстар мен пікірлер алмасып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл – жаңа қаланың келбетін қалыптастыру жолындағы маңызды бастама, - деп жазды Марат Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы