Career Enbek ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы іске қосылды

«Кәсіптік біліктілік туралы» Заңды іске асыру аясында ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Career Enbek ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын әзірлеп, іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, Career Enbek – бұл біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын, еңбек нарығында мансапты дамыту жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізуді, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және т. б. сияқты Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары бойынша өзекті ақпаратты қамтамасыз ету үшін құрылған ақпараттық жүйе.

Цифрлық платформаны құрудың негізгі мақсаты біліктілік жүйесі туралы барлық қолда бар ақпаратты жинақтау, онлайн режимде кәсіптік біліктілік саласында қызметтер мен сервистерді ұсыну және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдар шаблондарды немесе онлайн макеттерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және жаңартуға, кәсіптік стандарттарды өңдеуге және ҰБЖ дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің сарапшыларына модерациялауға жіберуге мүмкіндік алады. Әзірлеушілерге ыңғайлы болу үшін Career Enbek-де өрістерді автоматты түрде толтыру үшін әртүрлі анықтамалықтар жинақталған, мысалы, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы, Ұлттық қызметтер жіктеуіші және т. б.

Сондай-ақ, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілерге ыңғайлы болу үшін бірлескен әзірлеушінің шақыруы бойынша функционал қосылды. Бұл функция кәсіптік стандарттарды бірлесіп әзірлеу үшін қажет және әзірлеушілер тобының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Career Enbek сала, қызмет түрі, кәсіптік стандарттың немесе кәсіптің атауы бойынша іріктей отырып, кәсіптік стандарттарды іздеуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта платформаның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және оны кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеуге өтінімдер беру және тіркелген жұмыссыздар үшін кәсіптік біліктілікті танудың тегін рәсіміне бір реттік ваучерлер алу бөлігінде жаңғырту жоспарлануда.

Career Enbek платформасы Enbek, Skills Enbek, Business Enbek және HR Enbek сияқты платформалармен қатар Бірыңғай цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің құрамдас бөлігіне айналды.

Career Enbek сандық платформасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы