Cамара-Шымкент тасжолының бойында жұмысшылар мінген автобус аударылды
Ақтөбеге жақын жерде автобус аударылып, ішіндегі жұмысшылардың бірнешеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбеге жақын жерде автобус аударылып, ішіндегі жұмысшылардың бірнешеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап.
Жол апаты кеше сағат 09:00-де Самара-Шымкент тасжолында Хромтау қаласы маңында болған. Автобустағы жұмысшылардың барлығы күзет компаниясының қызметкерлері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Neoplan" маркалы автобус аударылып қалған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 22 қызметкер мен 4 техника жіберілді. Сонымен бірге медициналық орталық пен полиция, жедел жәрдем қызметі де жетті.
Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің бастығы Марғұлан Аманбаев пен Өрт сөндіру қызметінің бастығы А.Қадыров кетті. Алдын ала түскен мәлімет бойынша автобус ішінде 55 адам болған. Оның 14-і жараланған, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазиннің айтуынша, автобустағы 34 адам емдеу мекемесіне жеткізілді. Оның екеуі – интенсивті терапия, 10 адам – хирургия, екеуі гинекология бөлімдеріне жатқызылды. Қалғандарын дәрігерлер әлі де тексеріп жатыр.
Жарақат алған адамдарды қарап болған соң үйіне жібереміз немесе бөлімдерге бөлеміз. Жолаушылар түрлі жарақат алған. Сүйегі сынғандар, бас-ми жарақатын алғандар бар. Ем-дом жасау үшін дәрі-дәрмек, қажеттінің бәрі бар. Оларды өзімізде емдейміз, – деді Мақсат Серғазин.