8 Қаңтар 2022 2022, 11:05
Cалық төлеушілер шот-фактураны қағаз түрінде рәсімдей алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты және интернет желісі қолжетімсіз болғандықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақаудың орын алғаны туралы хаттамаға қол қойды.

Егер қажеттілік туындаса, салық төлеушілер шот-фактураны қағаз түрінде рәсімдей алады. 2022 жылдың 19 қаңтарынан кейін бұндай шот-фактураны ақпараттық жүйеге 15 күнтізбелік күн ішінде енгізсе жеткілікті.
Бұл ретте ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды.