БЖЗҚ қашықтықтан қызмет көрсету режиміне көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты БЖЗҚ салымшылары мен қызмет алушыларына қатысты мәлімдеме жасады.
"БЖЗҚ" АҚ өзінің салымшылары мен алушыларына әлемдегі қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты және ҚР президентінің республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 30 наурызына дейін Қор бөлімшелерінің салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша зейнетақы қызметтерін алыстан (қашықтан) көрсету режиміне көшірілгендігі туралы хабарлайды.
Салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтері онлайн режимінде қолжетімді, онда төмендегі қызмет түрлері де қамтылған:
- тіркелген ЖСН және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен enpf.kz сайтында немесе ұялы қосымша арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;
- электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда egov порталы арқылы немесе mgov жүйесінде тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;
- салымшының (алушының) деректемелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
- enpf.kz сайтында ерікті зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау;
- төлемдерді (төлем түріне қарай) ресімдеу кезінде құжаттарды алдын ала тексеру және басқа да қызмет түрлері.
БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарынан 1418 қысқа нөмірі немесе +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша кеңес алуға болады. Кеңес беру, сондай-ақ, Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында, WhatsАpp, Viber-дегі чат-бот арқылы, Қордың Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да қолжетімді.
Сіздің назарыңызды БЖЗҚ-ның орталық кеңсесі мен барлық аймақтық бөлімшелері өз қызметтерін жалғастырып жатқанына аударғымыз келеді. Кейінге қалдыруға болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда БЖЗҚ кеңселерінде салымшылардың мүддесі үшін кезекші қызметкерлер жұмыс істейтін болады, олармен enpf.kz сайтына орналастырылған тізім бойынша телефон арқылы алдын ала хабарласуға болады. Азаматтардың денсаулығына алаңдаушылық білдіре отырып, Қор өз салымшылары мен алушыларына түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді!, - делінген таратылған ақпаратта.