БЖЗҚ: Кесте бойынша түсетін жарналар мен төлемдер көлемі ұлғайды

1 желтоқсанына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2 %) артық көрсеткішке ие. 

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңге. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% ұлғайып, шамамен 436 млрд теңге болды.

Жыл басынан бергі  ең үлкен өсімді - 94,5% - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 млрд теңгеден асты. 

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29% (немесе 329,5 млрд теңгеге), МЗЖ – 39%  (немесе 19,4 млрд теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім - 212% немесе 1,4 млрд теңге ЕЗЖ шоттарында болды. 

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті. 

БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 трлн теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 млрд теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ). Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58% төмендеді. 

Жасы бойынша төлемдер 22,6% ұлғайып, шамамен 109 млрд теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды. 

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге, ел шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,9 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,2 млрд теңге аударылды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша - 10,9 млн, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны - 592 250, ал ерікті зейнетақы жарналары есебі бойынша 356 116 ЖЗШ ашылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы