БЖЗҚ біздің басты мәселеміз сияқты. Депутат қордың жұмысын сынға алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов БЖЗҚ жүйесінің жұмысына шағымданып, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдады. Ол мәселені Премьер-министрге, Ұлттық банк төрағасына және Жоғарғы есеп палатасының төрағасына жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2014 жылдан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 3 есе өсті. Қарапайым тілмен айтқанда, жай ғана шетел валютасына инвестициялау арқылы БЖЗҚ-ға қарағанда 2 есе көп табыс табуға болатын еді. Соңғы 12 айда БЖЗҚ кірісі 6%-дан аспады. Сонымен қатар осы кезеңдегі азық-түлік инфляциясы, Президент атап өткендей, 24%-дан асты. Бүгінгі күні азаматтар БЖЗҚ арқылы пайда тапқанынан гөрі ұтылып жатыр. БЖЗҚ қызметінің айқын тиімсіздігі мен ашықтығы бөлек парламенттік тыңдауларды өткізуді талап етеді деп есептеймін, бірақ бұл үшін жаңа Есеп палатасы БЖЗҚ шығыстарына шұғыл тәуелсіз аудит, сондай-ақ активтер мен инвестициялық портфель аудитін жүргізуі қажет, - деді депутат.

Жамаловтың айтуына қарағанда, БЖЗҚ өзінің тиімсіздігі аясында азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана алатындығына үзілді-кесілді қарсылық көрсетіп отыр. 
Былтыр БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының барабарлығының шекті мәндерін орта есеппен 64-тен 83%-ға дейін жеткіліксіз ұлғайту үшін лобби жасады. Биылғы 23 қарашада Үкімет пен БЖЗҚ-дан осы қиын кезеңде мыңдаған азаматтар жинақталған зейнетақы қаражатын қайтадан пайдалана алуы үшін шекті мәндерді қайта есептеп, төмендетуді сұрадым. Ал 29 қарашада БЖЗҚ 2023 жылға арналған жеткіліктіліктің жаңа шектерін жариялады, олар қазіргіден 4-8%-ға жоғары, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Айтуынша, БЖЗҚ өз шешімімен соңғы жылдардағы ең танымал экономикалық реформаны толығымен жоққа шығарды. Біз енді БЖЗҚ-дан мәселелерімізді шешеді деп күтпеуіміз керек. БЖЗҚ біздің басты мәселеміз сияқты. 

Мемлекет басшысы халықтың қарыз жүктемесі мәселесіне де назар аударды. Қаржылық реттеу агенттігінің мәліметінше, 1,5 млн-ға жуық қазақстандық несиелеріне қызмет көрсете алмайды. Сонымен бірге зейнетақы жинақтары құнсызданып жатыр.

Мемлекет басшысы халықты несиелендіру мәселесіне де назар аударды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 1,5 млн қазақстандық өз несиесін төлей алмай отыр. Сонымен қатар зейнетақы жинағы  құнсызданып, «өлі» деңгейде жатыр. Әлеуметтік шара ретінде азаматтарға өз жинақтарын кез келген кредиттерді өтеуге, емделуге ақы төлеуге, коммуналдық қызметтер бойынша қарыздарды төлеуге, балаларды оқытуға және басқа да өмірлік маңызды қажеттіліктерге зейнетақы жинақтарының 30% - на дейін беру керек. Бірақ 1 млн теңгеден аспайтын мөлшерде пайдалану  құқығын беруге болады деп санаймын, - деді Аманжан Жамалов. 

Депутат атағандай, бұл инфляцияға аз ғана мөлшерде әсер етеді, өйткені олар мақсатты болады. 

Мысалы, несиелерді өтеу туралы айтатын болсақ, онда бұл ақша әлдеқашан жұмсалған.Мұндай шешім адамдар үшін жақсы қолдау болады. Алдын ала болжам бойынша, бұл шамамен 3,5 трлн теңгені құрап отыр. AMANAT партиясы жанындағы Экономика жөніндегі кеңес тиісті есептеулерді ұсынуға дайын, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы