БЖЗҚ тағы бір қосымша сервисті іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.
Ол үшін www.cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет – делінген БЖЗҚ таратқан ақпаратта.
Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
- өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
- дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
- «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
- алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді – дейді мамандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Германияда коронавирустан көз жұмғандар саны күрт өсті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы