БЖЗҚ. Қолжетімді соманы қалай тексеруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректерді мынадай тәсілдермен алуға болады. Бұл туралы қор сайтында айтылды.

1. БЖЗҚ сайты және салымшының Жеке кабинеті арқылы. Ол үшін ЖСН мен құпиясөзді енгізу қажет немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.

Сонымен қатар, біз сіздерге зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін қосымша cabinet.enpf.kz/porog туралы ақпарат береміз: зейнетақы шотындағы қалдық, шекті сома, алуға болатын сома. Бұл ақпаратты алу үшін тек ЭСҚ кілтімен қол қою керек. ЭСҚ-ны Ұлттық сертификаттау орталығының сайтында алуға болады.

 2. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат egov.kz сайтында және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Ол үшін пайдаланушыларға электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Egov.kz
 сайтының бас мәзірінде «Әлеуметтік қамсыздандыру», одан әрі «Зейнетақымен қамсыздандыру» қосымша бетіне өтіңіз, одан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қосымша парақшасы арқылы немесе сілтеме бойынша өтіп білуге болады.

eGov mobile мобильді қосымшасының «Қызметтер», одан әрі «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат» қосымша бетіне өту арқылы.

3. Мақсатты пайдалануға қол жетімді сома туралы мәліметтерді @enpf көмегімен алуға болады.

БЖЗҚ салымшылары 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы арқылы кеңес ала алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда БЖЗҚ-ның жақын жердегі бөлімшесіне жүгіне алады. Барлық мекенжайлар мен байланыстар Қор сайтында қолжетімді.

Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp чат-бот арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар және InstagramFacebookВКонтактеTwitterTelegramОдноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшалары қолжетімді.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын мақсатты пайдалану үшін қолжетімді соманы қалай тексеруге болады: қадамдық нұсқаулықтар.

Зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберіндегі «жеткіліктілік шегі» кестесі



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы