БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иесі тапты
Алматы, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатқанын мәлімдеді.
Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар, үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар, - делінген хабарламада.
Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірген. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 523 202 жарна келіп түскен.
Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Челахтың өлгені туралы қауесет тарады
Өзгелердің жаңалығы