БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 19 наурызында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында таңғы сағат 10:00-де «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.

«Ашық есік күні» шарасы аясында жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу және тағы басқа сұрақтарға жауап беріледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы