"БЖК-2025". "Шағын және микробизнесті шағын несиелеу" жаңа бағыты енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отырғанын айтқан  ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жаңа бағыт 6% мөлшерлемесімен несие алуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

ШОБ-ті қолдау үшін Ұлттық банк бағдарламасы бойынша және «Бизнестің жол картасы-2025» желісі бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп, несиелеу рәсімдері жеңілдетілуде. Қазіргі кезеңде микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отыр. Кредиттерге қол жеткізу және кепіл мәселелерін шешу ШОБ, әсіресе микробизнес дамуының негізгі факторы саналады. Сондықтан, «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына – «шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізілді. Қаржыландыру субсидиялау есебінен 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады. Бүгінде мұндай несиелер бойынша мөлшерлемелер көлемі жоғары. Жаңа бағыт 6% мөлшерлемесімен несие алуға мүмкіндік береді. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн теңгеге дейін беріледі. Қаржыландыру көздері - банктер мен микроқаржы ұйымдарының меншікті қаражаты болмақ. Бұл ретте кепіл беру мәселесі шешілуде. «Даму» қоры қарыздың негізгі бөлігінің 85%-на дейін кепілдендіруді қамтамасыз етеді. Бұл микробизнес өкілдерінің бірқатар бөлігін қамтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Министрдің айтуынша, микро және шағын бизнес жобаларын қарау келімім рәсімдерін оңайлату арқылы жеделдетілетін болады. 

Әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуді оңайлату, қашықтықтан оқыту әдістемелерін жетілдіру және ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жөніндегі шаралар қарастырылған. Мұндай шаралар дың барлығы сыртқы күйзелістердің теріс салдарын азайтуға бағытталған.  Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді, - деді Дәленов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы