Бюрократиялық кедергілер жойылу қажет – Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. 

Сіздің жылы және жайлы баспана туралы арманыңызды түрлі кедергілер күл-талқан етті ме?! Расымен, пәтердегі бөлмелерді өзгерту немесе қосымша қабырға салу үшін біз үш бірдей бюрократиялық кедергіге тап боламыз (ХҚКО, ТИБ, әкімдік, сәулет басқармасы және т.б.). Бұл тарапта желіден делдалдық қызметтер туралы хабарландыру табуға болатынын бәрі біледі. Себебі адамдар бюрократиядан қажыған. Нәтижесінде аталған үдеріс айналасында түрлі коррупциялық схемалар пайда болды, - деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына. 

Сондай-ақ ведомство басшысы цифрлық трансформация орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Цифрлық трансформация орталығында біз осы процесті басынан аяғына дейін талдап, нормативті-құқықтық базаларды зерттеп, жан-жақты қарастырғанда, мына жағдайға көз жеткіздік: егер қайта құру нәтижесінде үй құлайтын болса, құжаттарды қабылдайтын ХҚКО қызметкері де, өлшем жасайтын жұмысшы да, сәулет басқармасы мен әкімдік мамандары да жауап бермейді! Яғни бұл кісілер – техникалық паспорт беру процесінде артық адамдар. Себебі барлық жауапкершілік техжоспарды жасаған лицензиялы жобалаушыға жүктелген, - деп атап өтті ол.  

Сонымен қатар министр ұсыныстарын да жеткізді. 

Біздің ұсынысымыз: бұл процестен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін алып тастау арқылы back-end бөлігін мемлекеттік сервистерге ауыстыру. Лицензиялы жобалаушыға (азаматтың келісімімен) жылжымайтын мүліктер базасына өзгеріс енгізіп, техжоспар негізінде техпаспортты ресімдеуге мүмкіндік беру, - деді Бағдат Мусин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы