Бюджеттердің интерактивті картасында 523 млрд теңге тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева «Antikor ortalygy» сервистік орталығы алаңында өткен брифингте айтты.
Жазира Жылқышиева атап өткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша департамент жергілікті атқарушы органдармен бірігіп жұмыс атқарып жатыр.Осы жылдың 7 айында денсаулық сақтау, дене шынықтыру, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, колледж және жол инфрақұрылымы, оқу басқармаларының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 60 сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған 47 ұсыным енгізілді. Олардың 20-сы толық құрамда орындалды, - деді ол.
Жылқышиева айтып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2018 жылдың басынан бастап ашық бюджеттердің интерактивті картасы жұмыс істейді.
Біз ол жобаның жүзеге асырылуын қала әкімімен бірнеше мәрте талқыладық. Оны толтыру бойынша бірнеше мәрте тапсырма бердік. Бүгінгі таңда бюджеттердің интерактивті картасында 523 млрд теңге тіркелген. Бұл қала бюджетінің 82 пайызын құрайды. Әрине, бұл жаман емес көрсеткіш. Бірақ ол 100 пайызға жеткенін қалаймыз, - деді ол.Ол атап өткендей, кейбір салалар бюджеттің есептілігін ұсынбай отыр.
Көлік және жол құрылымдық инфрақұрылымдық басқармасы, дін жөніндегі басқарма, қаржы, тұрғын үй және саясаты басқармасы, мемлекеттік қызметті цифрландыру басқармалары бюджеттік есептілікті әлі ұсынған жоқ. Бүгінгі таңда ішкі жемқорлық қауіптілік тәуекелін тек 5 басқарма ғана жүзеге асырған, - деді ол.Жылқышиева айтып өткендей, ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар бастама жүзеге асырылды.
«Адалдық алаңы» жобасының тәжірибесі барлық өңірлерде жүзеге асырылуда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Сенат төрағасын қабылдады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы